Алматы қалалық № 5 перзентхана

Страница обновлена 16 мая 2015 3475 просмотров

Алматы қалалық №5 перзентхана сайты сіздер үшін қызмет көрсетеді. 

Рус

Құрметті сайт қонақтары!

Алматы қалалық №5 перзентхана сайты сіздер үшін қызмет көрсетеді. Мұнда ана мен жаңа туған нәрестелер денсаулығы жоғары біліктілік санаттағы тәжірибелі акушер-гинекологтар, неонтологтар, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің басты назарында. Мейірімді және өз ісіне адал акушерлер мен медбикелер әрқашан емделушілерге көмек қолын созуға дайын. Перзентхана жүкті, босанатын және босанған әйелдерге, сонымен қатар нәрестелерге шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету үшін білікті мамандармен толықтырылып, заманға сай соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Ана мен баланың перзентханада жайлы жағдайда болуы үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге тырысамыз. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін!

Құрметпен, перзентхана бас дәрігері,
м.ғ.к., жоғары санатты акушер-гинеколог
Бодыков Ғани Жандиярұлы

Алматы қаласындағы №5 перзентхана тарихы 1980 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда перзентханада 150 төсек-орын қоры бар және қаладағы жетекші босандыру ұйымдарының бірі болып табылады. Мұнда жыл сайын жеті мыңнан астам нәресте дүниеге келеді.
         Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы перзентхананы заманға сай соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге баса көңіл аударады. Реанимация бөлімшесі заманға сай тыныс алу аппараттарымен жабдықталған, бұл өз кезегінде жүктілігі және босану жағдайы асқынған әйелдерге уақытылы шұғыл көмек көрсетуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, антенаталды бақылау сапасын арттыруға жағдай жасайтын ультрадыбыстық зерттеу аппараты орналастырылған.
Бүгінгі күнде ана мен бала денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінің басты артықшылығы негізінде атқарушы органдар тарапынан тұрақты бақылауда болады. Ана мен бала өлімі, перинаталды аурулар деңгейінің төмендеуі – қаладағы акушериялық-гинекологиялық көмек көрсету сапасының тұрақты индикаторы.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша перзентханада ана болудың қауіпсіздік қағидалары, жүктілік пен босанудың тиімді жаңа технологиялары енгізілді, бұл жаңа туған нәрестелер ауруының, ана мен баланың жарақат алуы, қайтыс болуының алдын-алуға жағдай жасайды.  
2013-2014 жылдары перзентханаға толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әйелдердің өзіне ыңғайлы қалыпта босануға және босану кезінде жолдасының немесе өзге де туысының қасында болуына  жағдай жасайтын, үй жағдайына үйлестіріп жасалынған жеке босану палаталары құрылды. Бала дүниеге келген алғашқы минуттарда-ақ анасымен бірге болады. Баланың туылғаннан кейінгі жүргізілетін барлық медициналық процедуралар анасының немесе туыстарының қатысуымен жүргізіледі.
          2000 жылдан бастап №5 қалалық перзентханада «Емшек сүтімен тамақтандырудың тиімді 10 қағидатын іс жүзінде қолданушы, балаға мейіріммен қарайтын аурухана бастамасы» бағдарламасы басталды. 2003 жылы перзентхана «Балаға мейіріммен қарайтын аурухана»  атағына лайық деп танылды.
        Мұндағы босанудан кейінгі палаталар ана мен баланың бірге болуына лайықты етіп ұйымдастырылған. Перзентханада болған уақытында аналар баланы емшек сүтімен тамақтандырудан бастап, оның одан арғы күтім ержелерін үйренеді, ең бастысы инфекциялық асқынуларға жол бермеуді басты назарда ұстайды.
        №5 перзентханада 43 дәрігер жұмыс істейді (акушер-гинеколог, неонтолог, анестезиолог-реаниматолог). Оның 68% жоғары, 8% бірінші, 24% екінші біліктілік санатты иеленген. Перзентхана акушерлік бөлімшелерден – қабылдау-босандыру және босанудан кейінгі бөлімше, неонтологиялық, патологиялық, гинекологиялық, реаниматологиялық бөлімшелерден тұрады.
      Перзентхананың көп жылдық тәжірибесі бар мамандар жолын жас мамандар шоғыры жалғастыруда. Дәрігерлер өз кәсіби білімдерін үнемі республикалық және алыс-жақын шет елдерде (Литва, Россия, Израиль, Корея) жетілдіріп, қалалық және перзентхананың қоғамдық өміріне белсенді ат салысады.


Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі:
+7(727) 230-17-47

ҚАБЫЛДАУ-БОСАНДЫРУ БӨЛІМШЕСІ

Қабылдау-босандыру бөлімшесінде жүкті, босанатын және босанған әйелдерге  жоғары санатты мамандар қызмет көрсетеді. Бөлімше аналардың жағдайын бақылауға арналған кардиомонитор, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, ұрықтың жүрек қағысын тыңдауға арналған доплер аппаратымен, сондай-ақ шұғыл жағдайда (қан кету, эклампсия, анафилактикалық шок, жаңа туған нәрестені реаниацияға жатқызу) медициналық көмек көрсететін бұйымдармен қамтамасыз етілген.   
        
  
       
Босандыру бөлімшесі мынадай жабдықтармен жабдықталған:
1. «Multisystem 2051 MSM,  Fanem» реанимациялық балалар үстелі /Бразилия/.
2.  «Infa Warmer» үлгісіндегі реанимациялық балалар үстелі /Япония/
3. «Аист» сәулемен жылытатын реанимациялық балалар үстелі .
4.  Ана мен іштегі баланың жағдайын бақылайтын «Philips» мониторы,  «Avalon FM-30» КТГ аппараты.

5. «Вакусон-40» вакуум-экстрактор , /Швеция/.
6.  Босану кезінде пайдаланылатын «Оптима» кресло-кереует трансформері.
        Бөлімше жеке жуыну бөлмесі және дәретханасы бар 12 палатадан тұрады. Босандыру жұмыстары тәжірибелі дәрігерлердің қатысуымен, босану кезіндегі мынадай қауіпсіздік ережелері сақтала отырып, жүргізіледі:
1. Босану кезінде партограмма пайдалану.
2. Босану кезінде туыстарының бірге болуына рұқсат ету. 
3. Босану кезінде өзіне ыңғайлы қалыпта болу.
4. Тиімсіз процедураларды қолданбау.
5. Баланың туылған сәтінен бастап, анасымен шектеусіз байланыс орнату.
6. Босанудың 3 кезеңін қарқынды түрде енгізу (Қан кетудің алдын-алу).
7.  Жаңа туған нәресте гипотермиясының профилактикасы.
8. Қажет жағдайда жаңа туған нәрестеге тиімді реанимация жүргізу.
9. Ана  мен баланың бірге болуы және баланы талапқа сай емшек сүтімен емізу.


Бөлімшенің аға акушері жоғары, 12 акушер жоғары, 4 акушер бірінші біліктілік санатын иеленген.

Бөлімше телефоны:
+7(727) 230-16-42 емделушілерді қабылдау бөлмесі
+7(727) 230-17-48  босандыру блогы

Жүкті әйелдер патологиясы және гинекология бөлімшесі.

Жүкті әйелдер патологиясы және гинекология  бөлімшесі 35 төсек-орын қорынан құрылған. Оның  5 орны гинекологиялық болып табылады.
Мұнда түрлі патологиядағы жүкті әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, «жоғары қауіп» тобындағы жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу және босануға рұқсат беруге таңдау жасау, жүкті әйелдерді тиімді босандыру бойынша емдеу шараларын іске асыру, ана мен баланы сақтау ісінде қаланың әйелдер консультациясы және перзентханалар жұмысындағы сабақтастық пен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуде бөлімше қызметерлері талмай еңбек етіп келе жатыр.

Бөлімшеде мына қызметтер жүзеге асырылады:
• жүктілікті үзу қауіптілігі асқынған жүктілікті жүргізу;
• Гестозды емделушілердегі жүктілікті жүргізу;
• Кесарь тілігі операциясынан кейін  жатырдағы тыртығы бар емделушілердегі жүктілікті жүргізу;
• ұрықтың өсуі тоқтап қалған жағдайдағы жүктілікті жүргізу;
•  құрсақтағы нәрестенің асқынған гипоксиясы кезіндегі жүктілікті жүргізу;
• түрлі этиологиядағы анемия кезіндегі жүктілікті жүргізу;
• диагностиканың заманға сай соңғы үлгілерін пайдалана отырып, құрсақтағы ұрық жағдайын анықтау;
• экстрагениталды патологияны жан-жақты емдеу;
• жүкті әйелдерге қажетті кеңестер беру;
• босануға дайындық

Мұнда емдік және консультативтік жұмыстар бөлімше дәрігерлері және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 акушерия және гинекология кафедрасы қызметкерлерінің көмегімен жүргізіледі. 

 

Ана болуға дайындалып жүрген әйелге ерекше күтім қажет. Сондықтан да мұнда жүкті  әйелдерге барынша жайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Жүкті әйелдерге жүргізілетін емдік шаралар перзентхананың күндізгі немесе күні бойы жұмыс істейтін стационарларда жүзеге асырылады.


Бөлімше телефоны:
+7(727) 230-17-64


БОСАНУДАН   КЕЙІНГІ   БӨЛІМШЕ

Босанудан кейінгі бөлімшесіне емделушілер босанғаннан кейінгі 2 сағаттан соң ауыстырылады. Жас ана босанудан кейін толық демалыс, сапалы медициналық көмекті қажет етуіне байланысты, мұнда үй жағдайына үйлестірілген жайлы атмосфера қалыптасқан. Бөлімшеде ана мен бала күні бойы бірге болып, жас анаға жаңа туған бала күтімі, емшек сүтімен тамақтандыру, босанғаннан кейінгі жеке гигиена т.б. бойынша қажетті көмектер көрсетіліп, консультациялар жүргізіледі. Қажет болған жағдайда физиотерапиялық процедуралар, массаж, сонымен қатар психологиялық көмек те көрсетіледі. Мұндағы екі адамға арналған палаталар кең, жарық. Процедура және тексеру кабинеттері заманға сай соңғы үлгідегі медиицналық аппараттармен, материалдармен және препараттармен қамтамасыз етілген. 

Босанудан кейінгі бөлімшесі екі қабатта орналасқан. Әрбір қабатта кезекші акушер посты қойылған.

Бөлімшеде операция жасалған науқастарға процедура медбикесі операциядан кейінгі тігіс орнын өңдеу, инъекция және өзге де процедуралары жүргізіледі. Процедура кабинеттері 2-ші және 3-ші қабатта орналасқан, мұнымен қатар тексеріс бөлмесі, айна арқылы тексеру, бақылау, өңдеу жұмыстары, жағындылар алу және гигиена бөлмесі де бар. Бөлімше дәрігерлері күнделікті тексеріс жүргізеді. Әйелдерге стационардан шыққаннан кейін де перзентхананың қабылдау бөлмесінде қажетті медициналық, психологиялық көмектер көрсетіледі.


Емшек сүтімен тамақтандыруды қолдау бағдарламасы

Босанудан кейінгі бөлімшеде емшек сүтімен тамақтандыруды қолдау бойынша төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылады: 
1. Әйелдерге баланы емшек сүтімен тамақтандырудың пайдасы туралы толық ақпарат беру;
2. Баланы емшекпен емізу технологиясы бойынша әйелдермен жұмыс жүргізу;
3. Емшекпен емізуде қандай да бір қиыншылықтар туындаған жағдайда, лактацияны жақсарту үшін арнайы іс-шаралар жүргізу.
4. Емшек сүтінің жеткіліксіздігі жағдайында физиопроцедураларды пайдалана отырып, арнайы терапияларды жүргізу.
5. Баланы емшек сүтімен тамақтандыруда қажетті кеңестер перзентханадан шықаннан кейін де үй жағдайында жүзеге асыру.  
6. Перзентханадан үйге шығаруды табиғи жолмен босану жағдайында 3 күннен кейін, ал кесарь тілігімен босану жағдайында 5 күннен кейін жүзеге асыру (медициналық қарсы көрсеткіштер жоқ болған жағдайда).
7. Перзентханадан шығару кезінде акушер-гинеколог арқылы қажетті кеңестер беру. 

Бөлімше телефоны:

+7 (727) 230 17 64 (2 этаж)
+7 (727) 230 17 33 (3 этаж)

НӘРЕСТЕЛЕР БӨЛІМШЕСІ

Бөлімшенің девизі:
«Дені сау бала –  дені сау ұлт»

Бөлімше жаңа туған нәрестелер ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда баланың дүниеге келген сәтінен бастап анасымен бірге болу басты орында.

ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ ЖҮРГІЗУ
Бөлімшеде жаңа туылған нәрестелерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін күні бойы неонтолог дәрігер қызмет етеді. 
Бөлімше дәрігерлері қауіпті жағдайда туылған нәрестелерді реанимациялаудың іс жүзіндегі барлық дағдыларын жетік меңгерген. Мұндай нәрестелерге тиімді емдік әдістер жүргізу үшін бөлімшеде емдік-күзет режимі қамтамасыз етілген, көп функционалды мониторларды пайдалана отырып, өмірлік маңызы бар функцияларға мониторинг жүргізіледі. Тыныс алуында туа бітті кемшілігі бар нәрестелер респираторлы терапия жүргізіледі.

Бөлімшеде гемостаз, гемодинамика бұзылысын түзету мақсатымен инфузиялық-трансфузиялық терапиялар жүргізу мүмкіндігі бар. Мұнымен қатар, дені сау балаларға Екпенің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, «В» гепатитіне және туберкулезге қарсы вакцинация жүргізіліп, «Денсаулық» ұлттық жобасы бойынша туа бітті ауруларды анықтау үшін нәрестелердің қан құрамы тексеріледі және есту қабілетінің бұзылысын анықтау скринингі жүргізіледі.

Бөлімше телефоны:
+7(727) 230-17-32

ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ, АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ

Қарқынды терапия, анестезиология және реанимация бөлімшесінде 6 төсек-орын қоры бар. 2 палата қарқынды терапиялық шараларға, ал 1 палата ауруы асқынған науқастарды оқшаулауға арналған. 
Бөлімше перзентхананың барлық бөлімшелеріне жоғары білікті дәрігерлер көмегімен жүргізілетін анестезиологиялық- реанимациялық көмек көрсетеді. Бөлімшеде 7 тәжірибелі дәрігер, 18 медбике қызмет атқарады. 5 дәрігер жоғары, 1 дәрігер бірінші, 1 дәрігер екінші біліктілік санатын алған. Мұндағы барлық қызметкерлер анестезиологиялық медициналық көмек көрсетудің озық тәжірибелерін (спиналды, эпидуралды анестезия, аралас анестезия, ангаляциялық наркоз т.б.) жетік меңгерген. 
Бөлімшеге тыныс алуы қиындаған және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі жағдайында шұғыл көмек көрсетуге арналған соңғы үлгідегі тыныс алу аппараты, жаңа кардиомонитор, көп функционалды төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Бөлімше дәрігерлері Анестезиологтардың Қазақстандық ассоциациясымен ай сайын өткізілетін анестезиология және реанимацияның өзекті мәселелері жөніндегі оқыту семинарларына белсенді қатысады. Мұнда дәрігерлер шұғыл көмек көрсету, топ болып жұмыс істеу тиімділігі, алгоритмдерді дұрыс пайдалану т.б. жағдайлардағы тәжірибелерін шыңдай түседі Мұндағы қарқынды терапия жүктілік кезінде орын алған функционалды және патологиялық ауытқушылықты түзете отырып, үздіксіз динамикалық бақылауды жүзеге асырады.

Бөлімшедегі мына жабдықтар қарқынды терапиялық шараларды талапқа сай өткізуге мүмкіндік береді:
-  6 функционалды төсек, оның екеуі 2013 жылы сатып алынған;
-  2014 жылы қан газы анализаторының жұмысы үшін «ЭРОС» құрылғысы сатып алынды;
-  жаңа көп функционалды операция үстелі (1 үстел механикалық  + 1 үстел электрлік желіде);
-  өкпені жасанды желдету аппараты («Вела», «Айвент», «Дреггер - Савина»,  Рафаэл, Такаока аппараттары);
- тыныс алу функцияларын және гемодинамиканың негізгі көрсеткіштерін үздіксіз динамикалық бақылауға арналған кардиологиялық монитор  (Даш 3000, Дреггер,  Филипс);
- стационарлық емес кардиодефибриллятор;
- дәрілік заттарды микроқұйылмалы түрде енгізу үшін инфузомат, линеомат;
- стационарлық емес жылжымалы рентген аппараты;
- «Юля» қанды ультракүлгін сәулелендіру аппараты;
-  8 каналды ЭКГ аппараты;
-  медициналық  стационарлық сорғыштар, т.б.

Бөлімше телефоны:
+7(727) 230-17-50

АҚЫЛЫ  ҚЫЗМЕТ  БӨЛІМШЕСІ

№5 перзентханада ақылы қызмет көрсету бөлімшесі жұмсы істейді. Мұндағы 30 орынның жиырмасы акушерлік, бесеуі жүктілік патологиясы және бесеуі гинекологиялық науқастарға арналған. Бөлімшедегі палаталар екі бөлмеден тұрады, ана мен баланың жайлылығы үшін палаталар барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бөлімшеде көрсетілетін қызмет түрлері:

  • жүктілікті үзу қауіптілігі асқынған жүктілікті жүргізу;
  • Гестозды емделушілердегі жүктілікті жүргізу;
  • Көп ұрықты жүктілікті жүргізу;
  • Экстрокорпоралды ұрықтандырудан кейінгі жүктілікті жүргізу;
  • Кесарь тілігі операциясынан кейін  жатырдағы тыртығы бар емделушілердегі жүктілікті жүргізу;
  • Ұрықтың дұрыс орналаспау жағдайындағы жүктілікті жүргізу;
  • Ұрық дамуының тоқтап қалған жағдайдағы жүктілікті жүргізу;
  • Экстрегениталды патологияны кешенді түрде емдеу;
  • Жүкті әйелдерге консультациясы;
  • Жүкті әйелдерді босануға дейін госпитализациялау, босану мерзімін, әдістерін анықтау;
  • Гинекологиялық операциялар;
  • Диагностикалық қырнау;
  • Медициналық, дәрі-дәрмектік аборттар;
  • Жатыр мойнын хирургиялық түзету;
  • Пластикалық операция;
  • Жатырішілік спиралды салу және алу

Босанғаннан кейін жатқызылатын бір орынды палаталар ана мен балаға қажетті барлық жағдайлармен (кабельді теледидар, қысқатолқынды пеш, тоңазытқыш, жуыну үшін душ, дәретхана) қамтамасыз етілген.  Сонымен қатар, мұнда емделушінің туыстарымен бірге болуына рұқсат етілген.
 

Бөлімше дәрігерлері емделушілермен үнемі байланыста болып, олардың денсаулықтарын бақылауда ұстайды, қажетті кеңестер беріледі.


Қызметтер бағасы:
Физиологиялық босану - 3 күнге  85000 теңге  (КТГ және биопсия бағасын қоспағанда)
Асқынған босанулар – 3 күнге 95000 теңге  (КТГ и биопсия бағасын қсопағанда)
Кесарь тілігі – 5 күнге  115000 теңге  (КТГ и биопсия бағасын қоспағанда)
Асқынған кесарь тілігі – 5 күнге 170000 (КТГ и биопсия бағасын қоспағанда)
Эпидуралды анестезия – 20550 тенге
Жүктілікті үзу қауіптілігі (емдеу) – 5 күнге 65000 теңге
Жеңіл түрдегі құсу (емдеу) – 5 күнге 65000 теңге

Бөлімшенің байланыс телефоны:

+7(727) 230-17-55 (1 қабат)
+7(727) 230-17-60 (2 қабат)


КЛИНИКА-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ  ЗЕРТХАНА

Клиника-диагностикалық зертхана перзентхананың 1-ші қабатында орналасқан. Мұнда клиницисттер өтініші бойынша күнделікті зерттеулер жүргізіледі.  Зертхана өз ішінен 5 бөлімнен тұрады: гемотологиялық, клиникалық (оның ішінде цитологиялық), биохимия, гемостаз, серология.
1. Гемотологиялық бөлім қан құрамының жалпы талдауын жүргізеді, мұндағы талдаулардың 30%-ға жуығы «Mindray» автоматтандырылған гемотологиялық анализаторда орындалады. Қолмен жасалатын әдіс арқылы гемоглобин, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, лейкоцитарлы формула, эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады.
2. Клиникалық  бөлім зәрдің жалпы талдауы, ақуыз, көрсеткіш бойынша ацетон, Земницкий сынамасы, ұрық айналасында судың болуын анықтау т.б. жүргізіледі.
3. Биохимиялық бөлімде қолмен жасалатын әдіс арқылы жалпы ақуыз, несепнәр, глюкоза, билирубин, креатинин, трансаминаз, тимол сынамасы жүргізіледі.
4. Гемостаз-каогулологиялық зерттеу жұмыстары жартылай автоматты TS4000 каогулометрі арқылы жүргізіледі.  
5. Серология әдісі арқылы қан тобы мен резус-фактор анықталады. Иммундық-гематологиялық зерттеулер үшін OrthoBioVueSystem спецификалық центрифугасын сатып алынуына байланысты адамдағы антиденелердің 18 түрін сапалы түрде анықтауға бағытталған антидене скринингі өткізіледі, бұл реципиенттердегі постгематрансфузиялық асқынулар қауіптілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Зертханалық зерттеулер Лахема, Кахема, Агат, Техпластин тест, КазДиаТест т.б. жетекші фирмалар реагенттерін пайдалау арқылы  жүзеге асырылады. Гематологиялық және биохимиялық зерттеулер сапасы қолда бар бақылау материалдарымен бақыланады.
Зертхана ВС-3200 Mindray гематологиялық анализаторы (Қытай),  Combilyser 13 зәр анализаторы (Германия),  иммунологиялық зерттеуге арналған OrthoBioVueSystem центрифугасы (АҚШ),  TS-4000 жартылай автоматты коагулатор, ApelPD303 спектрофотометр (Жапония), бинокулярлы микроскоптар, зертханалық механикалық есептеуіштер, т.б. аппараттармен жабдықталған. Барлық қолданыстағы жабдықтардың техникалық сипатамасы және пайдалану нұсқаулығы бар. Сервистік қызмет көрсету жабдықтарға сервистік қызмет көрсету бойынша аккредитациядан өткен ұйымдармен бекітілген шарт негізінде жүзеге асырылады. Барлық аппараттар тексерістен өткізілген және есепке алынған.

www.grd5.kz

Ключевые слова: Мед.помощь, Роддома
Телефоны:
+7 (727) 230-16-42,
+7 (727) 230-16-44 ,
+7 (727) 230-17-47 -Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі,
+ 7 (727) 230-17-55.
Адрес:
Алматы қ., Кабдолов к., 28
Файлы